Аудандық білім бөлімінің 11.ІХ.2010 жылы «Ұғынып тамақтан, спортпен үнемі айналыс, денсаулығыңды сақта» ұранымен өтетін «Денсаулық фестивалі – 2010» акциясының өткізілгені жайындағы іс-шарасының мәліметі

 

   Аудандық білім бөлімі Облыстық білім басқармасының 7.ІХ.2010 жылы жыл сайын қыркүйекте Елдің «Қазақстан – 2030» даму стратегиясын іске асыруға барлық Қазақстандықтардың гүлденуін, қауіпсіздігін және әл-ауқатын жақсартуға арналған республикалық кең ауқымды «Ұғынып тамақтан, спортпен үнемі айналыс, денсаулығыңды сақта» ұранымен өтетін «Денсаулық фестивалі – 2010» акцияссының өткізілу жоспарына сәйкес №154 негізгі мектепте 2010 жылы 11 қыркүйекте жүгіру марафонын өткізуге мектепішілік іс-шара жасалынып, оқушылар мен мұғалімдерге толық таныстырылды. Барлық акцияға қатысушылар мектеп алдында қатарға тұрғызылып, мектеп директоры С.Шаймбетова апай акцияға қатысушыларды мерекесімен құттықтап, алғыс сөздер айтып, іс-шараны ашып берді.

    Мектеп оқушыларынан құралған хор ұжымы тәлімгер Л.Сейтқасымның жетекшілігімен ҚР Мемлекеттік әнұраны орындалды.

   «Денсаулық фестивалі – 2010» сағат 10:00-10:15 аралығында ашылу салтанатын өткізіліп, 5-9 сыныптар аралығында 22 оқушы құрамында «Қара жорға» биі, бастауыш сынып аралығында сурет салу сайысы, 5-9 сыныптар аралығында асфальтқа сурет салу сайысы, 5-9 сыныптар аралығында арқан тарту, жүгіру, қол күрес сайыс түрлері өткізіліп, оларды әзіл қазылар алқасы құрылып, бағалап отырды. Спорттық жарыстар соңынан барлық акцияға қатысушылар сапқа тұрғызылып, мектеп директоры қорытынды сөз сөйлеп, алғыс білдірді.

 

 

                         Мектеп директоры:                                      С.Шаймбетова

 

 

             Дене тәрбиесі пәнінің мұғалімі:                                      Н.Мажиханов

 

 

Hosted by uCoz