Оқушылардың шығармашылық жұмыстары
№ 154 негізгі мектебінің орташа тарихы
Басшылық
Мұғалімдер
Оқушылар
Қызмет құрылымы
Фотокөрме
Үлгі сабақтар
Көрсеткіш
Мониторинг
Автор
 

 

Болса тәртіп, бала өседі сомдалып,

Қатаң ұста, бос жүрмесін сандалып.

Жүсіп Баласағұн

 

 

Ақыл, қайрат, жүректі бірдей ұста, сонда толық боласың елден бөлек.

Абай Құнанбаев

8 сынып оқушысы Алиханова Гүлнафия
«Елтаңба - елдіктің белгісі» тақырыбындағы шығарма жұмысы

Пән мұғалімі: Сейтқасым Ләйлә

«Мен қазақпын, биікпін, байтақ елмін,
Қайта тудым, өмірге, қайта келдім.
Мен мыңда бір туылдым, мәңгі өлмеске,
Айта бергім келеді, айта бергім

- Иә, қайран қазағым! Ұзақ уақыт «Мен қазақпын, мың өліп, мың тірілген» деген астарлы сөздің мәнін ұға алмай, ұқсақ та ашып айта алмай келдікйту үшін тарихқа бойлау керек, ол тарихтың тұңғиығына барсақ қарауылға іліндік. Ол сөздің салмағын, маңызын жариялылық таңында ғана түсіне бастадық.

Абзал халқым! Басыңнан не өтпеді сенің?! Ұлт болып шаңырақ көтерген, дербес мемлекет болған ХV ғасырдан бастап неше өліп, неше тірілдің десеңші! ХVІ ғасырдың бас кезінде жөргектен шықпай жатып-ақ қазақ хандығы ірі жеңіліске ұщырап, халқы көп қырылыпты. ХVІІІ ғасырдың бас кезіндегі Жоңғар шапқыншылығы, тарихта мәңгілікаты қалған «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұламаның» зардабы ше?

Сол қиын кезеңде, дәлірек айтсақ 1723 жылы қазақтар осы жалаңаш жаяу шұбап, бір көлдің басына келіп, көлді айнала сұлап жатыпты. Сонда бір ақсақал кісі : «Балалар, адам бастан кешкен жақсылықты қалай ұмытпаса, жаманшылық көргенін де солай ұмытпауы керек. Біздің бұл көрген, бейнетіміздің аты «Ақтабан шұбырынды, Алқакөл сұлама» болсын депті.

Біз қазақ деген мал баққан елміз, бірақ, ешкімге соқтықпай жай жатқан елміз. Елімізден құт берее қашпасын деп, жерімізжің шетін жау баспасын деп, найзаға үкі таққан елміз, басымыздан сөзді асырмаған елміз. Досымызды сақтай білген елміз.

1941 жылы 22 маусымда Фашисттік Германия тұтқиылдан бейбіт елге басып кірді. Төрт жылға созылған өмір мен өлім алысқан қиян-кескі соғыс болды.

Шығыстың қос жұлдызы Әлия мен Мәншүк халық үшін егіз есім, бір ұғым. Қос ару бүгінгі тарихи бюірін-бірі биіктете, асқақтата түскен.

Мен қазақ, қазақпын деп мақтанамын, ұранға Алаш деген атты аламын», -деп азаттық аңсаған, сол жолда аянбай қызмет еткен Алаш арыстарының барлдығы да қуғынсүргінге ұшырап, Сталиндік қызыл террордың құрбандары болы. Сол алаш қайраткерлерінің азаттық идеясын жалғастырған, қыршын кеткен арыстардың аманатын арқалаған кейінгші толқын іні-қарындастары 1986 жылдың желтоқсанында тәуелсіздік үшін күресе білді.

1986 жылдың желтоқсанында жылдар бойы іште жиылғаны, төзім запыраны бір-ақ күнде бөгетті бұзған тақын судай ақтарылды. Сол 1986 жылғы желтоқсанның опат болған жас қыршындары Қайрат Ноғайбайұлы, Ләззат Асанқызы, Ербол Сыпатайұлы, Сәбира Мұхамеджанқызы.

Дәл осынау тәуелсіздіктің таңын атқызуға арқау болған 16 желтоқсан оқиғасынан кейін арада бес жыл өткенде 1991 жылдың 16 желтоқсан күні қазақ елі шынайы тәуелсіздік алды. Тәуелсіздік біздің басымызға қонған бақ, бақыт. Бұл оңайлықпен келген «арзан» бақыт емес. Бұл тәуелсіздік Сырым Датұлы, Кенесары, Исатай, Махамбет,Аманелді Иманов, Қайрат Рысқұлов сиықты қазақтың ардақты ұл-қыздарының төгілген қаны мен терінің нәтижесінде келген тәуелсізідік.

Біз қазақ елі өз тәуелсіздігімізді алу кезеңінде 1992 жылы төртінші маусымда атабабаларымыз арман еткен ел рәміздерін қабылдадық. Қазақстан республикасы туымен тұғырлы, елтаңбасымен еңселі, әнұранымен айбатты.

Ендеше ел рәміздері қадамын жаңа басқан, жас болса дабас болған Қазақстанның егемендігінің, елдігінің айшығы деп білеміз.

Елтаңбаның көркемдік шешімі: Шаңырақ, жұлдыз, сондай ақ аңызға айналған пырақ. Қазақстан деген жазу бар. Қазақстан республикасының мемлекеттік елтаңбасының авторы Ж.Мәлібеков пен Шот – Аман Уәлиханов. Шаңырақ елтаңбаның жүрегі. Ол әлемнің тұтастығын, ошақтың амандығын білдіреді.

Шаңырақ бейнесібүкіл қазақ елі үшін тіршіліктің , шексіз өмірдің нышаны, шаңырақ киіз үйдің күмбезі, күн бейнесі, ал уықтары одан тарап жатқан алтын сәулелерді елестеді.

Тұлпар бейнесібиік самғауды, болашақ жайлы армандауды білдіреді, қазақта «Атадамның қанаты» деген мақал бар. Тұлпар дала пырағы, оның ғажайып көзге ілінбес шапшаңдығы ер жігітті жеңіске, тәуелсіздікке, бостандыққа жетелейді. Тұлпармәңгіліктің бейнесі, ол елтаңбадағы қыран қанатты, ай мүйізді пырақ бір шаңырақтың астында өмір сүріп жатқан көп ұлтты Қазақстан халқының бірлігін, рухани байлығын, өсіп- өркендеудің өміршеңдігін көрсетеді.

Жұлдызелтаңбаның маңдайшасына бес бұрышты, жұлдыз салынған.Әр адамның өміріне бағдар беретін өз жұлдызы болады. Осындай жұлдыз мемлекетке де қажет. Елтаңбадағы бес бұрышты жұлдыз Күн мен айды, жұлдызды кие тұтатын халқымыздың Бағымыз ашылып, жұлдызымыз жарқырай берсін» деген асыл арманын арқалап тұрғандай.

Елтаңбасы

Сөйле жаңа ғасырдың

Қазақ үйдей түңілігі ашылған

Аспанға ұқсас ұстап тұрған шаңырақтың

Уықтары күн шуағы шашылған

Толқыннан бір толқын қозғап кемемді,

Кезегімен өмір айтар өлеңді

Атамекен тау-тасының бетіне

Елтаңбасын ойып жазам мен енді.

 

Мемлекеттік ту мен Елтаңбаны және Республика Әнұранының жаңа мәтінін тәуелсіздігіміздің айғағы деп білеміз. Сонымен қатар 1993 жылы 23 қаңтарда еліміздің тұңғыш конституциясы қабылданды. Республикамыздағы әрбір азаматтың міндеті отанды қорғау және мелекеттік символдарды - Әнұран, Ту, Елтаңбасын қадірлеуі тиіс.

 

Әлеуметтік әнұранды аспанға,

Туымызды тіктік биік асқарға.

Он бес жылда елтаңбамыз жарқырап,

Тәуелсіздік бізге есігін ашқанға.

Өркендедік ел болдық та кемелді.

Тереземіз өзгелермен теңелді

Елім менің Ата Заңын ардақтап

Еркіндіктің шуағына бөленді.

 

Болатова Құндыз
8 сынып
«Туберкулезден сақтан»

 

Елімізге қауіп төнді төтеннен,

Туберкулез үлкен қатер әкелеген.

Көп ғалымдар дауа іздеп бұл дертке,

Үлкен еңбек сіңіруде әр елден.

Жолын білмей айығудан бұл дертке,

Еңбек еткен бәрі дағы бекер де.

Туберкулез жоламайды сізге әркез,

Тазалықты сақтасаңыз егер де.

 

Спортпенен шұғылдансаң шымырлы,

Боласыз сіз, көрсетесіз шын үлгі.

Қолды жуып, лас істен аулақ бол,

Жеке өзіңде болсын щетка мен сүлгі.

Аулақ болып, жаман, надан, әр істен,

Әркез жақсы игі істермен әдістен.

Даналардың нақыл сөзін жаттайық,

Салауатты өмір салтын сақтайық.

 

Есжанова Ақтоты
9- сынып
«НашақорлықҚазақстанның болашағына қауіпті»

     

Нашақорлықадам баласының даму заңына қарсы бағытталған қауіпті қару болып отыр. Бұл қару талай жауқазын балауса жастардың өмірін күйретсе, енді бірін сабағынан мезгілсіз үзді.

Енді сәл шегініс жасап, өткен кезеңдерді парақтасақ, қаймана қазақ есірткіге еліткендерді көрмек түгіл, ондайлардың мына тірлікте бар екендігінен мүлде бейхабар болған. Ал, қазір ше?

Қазір ғасыр індетінің өршігені сонша, газет беттеріндегі ол жайлы шындықты баса жазғанда намыстан қаны қызып, жаның түршігеді.

Бір жай тасқа басқан таңбадай анық болып тұр. Есірткінің дәмін татқан адам бас-аяғы екі-үш күннің ішінде онсыз тұра алмайтын халге жетіп, бұл жолға қалай түскенін өзі де сезбей қалады. Бүгінгі таңда нашақорлықпен айналысатындардың дені сауықханалар мен қонақ үйлерде өткізілетін жастар мен шығармашылық кәсіппен айналысатын жандар болып отыр.

Иә, ғасыр кесапатына айналып отырған бұл індеттің құрсауына түскен адамның одан қайтып құтылу өте қиын.

 

 

   Jenis_studio@mail.ru
Hosted by uCoz