Оқу материалдары
№ 154 негізгі мектебінің орташа тарихы
Басшылық
Мұғалімдер
Оқушылар
Қызмет құрылымы
Фотокөрме
Үлгі сабақтар
Көрсеткіш
Мониторинг
Автор

 

 

 

Табандылықтың атасы - табанды тәрбие

Б.Момышұлы

 

 

Адамға бірінші білім емес, тәрбие берілу керек, тәрбиесіз берілген білім - адамзаттың жауы, ол келешекте оның барлық өміріне апат әкеледі.

Әл-Фараби

 

 

 

  

 

Мұғалімдік мамандық ұл адамтану, адамның күрделі және қызықты, шым - шытырығы мол рухани жан дүниесіне үңіле білу. Педагогикалық шеберлік пен педагогикалық өнер - ол даналықты жүректен ұға білу болып табылады.

 

В.А.Сухомлинский

Қашықтықтан білім беруді ұйымдастырудың дидактикалық мүмкіндіктері

КІРІСПЕ

Қашықтан оқытудың білім саласындағы рөлі.

Соңғы он-он бес жылдан астам уақыт ішінде Қазақстандағы білім беру жүйелерінің кұрылымдарында елеулі өзгерістер болып жатыр. Оқу мен білім технологиясы қаржы қорының байыбына жетіп түсінудің, нарықты өркендету жолында күресудің тиімді құралына айналып отыр. Осы ретте қазіргі замандағы технологиялық жетістіктерге негізделген қашықтықтан білім беру жетекші рөл атқарады. Дүние жүзі бойынша қашықтан білім беру жүйесін еркендетудің басты мақсаттарынын бірі - оқушылардың кез келген мектептер, колледждер мен университеттердегі оқу бағдарламалары бойынша оқып, білім алуларына жағдай туғызу болмақ. Осылай еткенде ғана студенттердің бір елден екінші елге орын ауыстыруларына ідектеу қойып, кедергілер туғызудан гөрі көзқарастар жүйелерінің бір арнаға тоғыстырылған идеяларымен қаруланып, білім беру ресурстарын өзара алмастыру жағдайында болашағы зор жаңа істерді өркендете түсуге мүмкіндік туады. Коммуникациялық каналдарды ауқымды түрде тарату курысы маңызды міндеттерді ойдағыдай іс жүзінде асыруға септігін тигізбек.

 

Қашықтан оқытудың білім саласындағы мақсаты: Білім берудің біртұтас ақпараттың жүйесін құру арқылы оқушылар мен студенттердің білім деңгейін көтеру.

 

Қашықтан оқытудың білім саласындағы міндеттері:

  • бір-бірімен тығыз байланысты бола отырып. мемлекеттік (республикалық) деңгейіндегі қашықтықтан оқытудың құрамына енуі;
  • құру кезінде мемлекеттің стандарт талаптарын сақтау;

Қашықтықтан оқытудың жергілікті жүйесі белгілі бір білім және жекелеген қала (университет) шеңберінде жұмыс атқарады, оның құрамына тек жоғары оқу орындары ғана емес, мектептер, гимназиялар мен колледждер де кіреді. Осындай жүйенің аясында жұмыс жасаудың алғашқы сатысында зиялылық потенциялын, компьютерлік техниканы ұтымды пайдалана отырьш, үздіксіз білім беру принциптерін ойдағыдай іске асыру қажет. Осыған орай, мектептер мен жоғары оқу орындары жергілікті және аймактық желіні пайдаланып, шығармашылық жұмыстарын таратып, оқыту үрдісінде әдістеме бойынша тәжірибе алмасуы қажет.

Оқытудың ауқымды және жергілікті жүйелерін ойдағыдай пайдалана білудің нәтижесінде білімнің базалық және деректердің банкілік мәліметтеріне, клиент - сервер, мультимедиа, компьютерді оқып-үйренуші жүйелерге, электрондык оқулыктарға, оку-әдістемелік материалдарға, қашықтықтан оқыту жүйесінің технологиясымен үйлесімді болып келетін, алдағы уақытта оқыту тәсілдерінің ішінде кең тараған бес аспап әрі өміршең түрлері бола алатындай жайлы окулыктарға, бағдарламаларға еркін кіруге болады.

Осындай сан қырлы, әрі күрделі мәселелерді жүзеге асыруда оқытушының атқарар рөлі орасан. Оған әрі ауыр, әрі жауапты міндет жүгі жүктеледі: ол курстың бағдарламасының құрылымын дайындап, оны қашықтықтан білім беру жүйесімен астастырып бейімдейді, оқу үрдісінің барысын қадағалап, тапсырмаларды орындау барысында, өз бетімен бақылау-пысықтау жұмыстарын орындау жөнінде ұсыныстар береді. Бұл ретте қашықтықтан оқыту  жүйесінің әдістерінде көрсетілгеніндей, көңіл-күй, психологиялық қарым-қатынас бой көрсетеді. Қашықтықтан оқыту тәсілі бойынша жұмыс істейтін оқытушы оқытудың жаңа технологиясын, оқытудың компьютерлі және тораптық жүйелерін жетік біліп, олармен  іс жүргізу ісін орындау шарт.

Қашықтықтан оқыту тәсілімен оқытатын оқытушыларға және осы істе мүдделі басқа да адамдарға бірнеше талаптар қойылады:

  • Оқытушы компъютермен жоғары дәрежеде сауатты жұмыс істей білуі қажет.
  • Қашықтықтан оқытудағы мақсаттары мен міндеттері,  оның алдағы уақытта ақпараттық технология және коммуникация құралдарының негізінде дамуы туралы білуі  қажет.
  • Қашықтықтан оқыту технологиясын жетік білетін, білім саласындағы қызметкерлерді, оқушыларды таныстыра білуі қажет.
  • Оқытушының ақпараттық құралдармен жұмыс істеуге іс жүзінде дағдылануы қажет.
  • Оқытудың  телекоммуникациялық құралдарын қолдану ісіне дағдылануын қалыптастыру, атап айтқанда: тұтынушылар арасында ақпараттар алмастыру және ақпараттық жүйелердегі ресурстарды пайдалануға дағдылануын қалыптастыруы қажет.
  • Жинақталған түрде оқу бағдарламасын құрайтын белгілі бір тәртіптегі модульдік курстардың әдістемелерін баяндай және курстарды өткізуді ұйымдастыра білуі қажет.
  • Оқу үрдісін қашықтықтан оқыту шеңберінде жүргізу ісіне жан-жақты даярлау, қашықтықтан оқыту жүйесі бойынша сабақ өткізу үрдісінде үйлестіруші болуы қажет.

Бүгінгі таңда ақпараттық қамтамасыз ету жүйесіне баса мән бермейінше, білім берудің ақпараттық технологияларын, дәлірек айтқанда, электрондық оқулық және бейнефильмдерді, басқа да электрондық басылымдарды қашықтықтан оқытудың спутниктік арнасы арқылы ендірмейінше, кез келген әлеуметтік-экономикалық саланың алға басуы мүмкін емес. 

Республикалық білім беруді ақпараттандырудың ғылыми-әдістемелік орталығы ақпараттық қарым-қатынастық технологиялардың білім берудегі педагогикалық мүмкіндіктерін зерттеу жолында ЮНЕСКО институтының тірек нүктесіне жатады және онымен бірге қашықтықтан оқытудың спутниктік каналын ендірудің бірлескен жобасын жүзеге асыруда.

 

1-тарау. Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) технологиясын ұйымдастырудың теориялық негіздемесі

 

1.1.              ҚО-ды ұйымдастырудың теориялық негіздері

 Қашықтықтықтан оқыту (ҚО) - білім, білік дағдыларды алу үрдісі, бұл кезде оқыту процедураларының тұтас немесе белгілі бір бөлігі оқытушы мен студенттің территориялық алшақтығына қарамастан жаңа ақпараттық және телекоммуникациялық технологиялардың көмегімен жүзеге асырылады.

Қашықтықтықтан оқыту технологиясының кейс және желілік технология деген түрлерін ерекшелеп көрсетуге болады.

Қашықтықтан оқыту технологиясынын дамуына Интернеттің әсерін бағалау қиын. Ол ара қашықтықтықты қысқартумен қатар, оқытушы мен студентке анағұрлым көп еркіндік береді. Енді тыңдаушы немесе студент тапсырмалар және тестпен өзіне ыңғайлы уақытта айналыса алады. Оқытушы материал мазмұньн жедел түрде өзгерте алады. Қашықтықтан оқыту технологиясының дамуы - біздің білім беру жүйесінің болашағы болып табылады. Шетелде күндізгі немесе қашықтықтан білім берудің қайсысының дұрыстығы жөнінде сөз де болмайды. Өйткені, басты орынды қашан да сапалы білім алады.

Қашықтықтан оқытуда өз бетінше жүргізілетін жұмысты сөзжұмбақтар, шарада немесе тапсырмалар арқылы ұйымдастыру, жаңа тақырыптарды меңгеру үшін өте ыңғайлы. Қашықтықтан оқытудың жетістігі - оқытушының өзінің қатысуынсыз оқушылар назарын өзінен тыс қалдырмауға қабілеттілігіне байланысты болады. Жаңа тақырып бойынша берілетін материал баспаға шығарылған түрде қашықтықтан оқыту курсында электрондық түрде немесе электрондық оқулық түрінде беріледі. Жаңа тақырыпты бұлай баяндау кезінде сабақтың басты элементі форум немесе чат болып табылады. Мұндай баяндаулар алдын ала жоспарланып, алдын ала даярланған сценарий бойынша жүргізіледі. Оқу үрдісіне тьютор белсенді қатысады. Қашықтықтан оқытуда жаңа материалды баяндаудың тағы бір нұсқасы виртуалды шебер. Әдетте оқу материалын баяндау және талқылау бір мезгілде жургізіледі.

Қашықтықтан оқыту жүйесін әрқайсысы өз кезегінде бірнеше компоненттерден тұратын үш компоненттің жиыны ретінде карастыруға болады. Олар:

  • Дидактикалық жүйе;
  • Технологиялық жүйе;
  • Қамтамасыз ету жүйелері. 

Қашықтықтан оқыту үшін оқытудың жалпы дидактикалык бес әдісін қолдануға болады:

1. Ақпараттық-рецептивті;

2. Репродуктивті;

3. Мәселелік мазмұндау;

4. Әвристикалық;

5. Зерттеу;

1.2.  Қашықтықтықтан оқытуды ұйымдастыру технологиялары

 

Білім беру жүйесін ақпараттандырудың негізгі бағыты XXI ғасырдың талаптарына сәйкес қоғамды дамытудың жоғары тиімділікті технологияларына сүйенген жаңа білім стратегиясына көшу болып табылады.

Білім беру жүйесін ақпа­раттандыру бағыты жаңа ақпараттық технологияларды пайдалану аркылы дамыта оқыту, кашыктыктан оқыту, дара тұлғаға бағыттап окыту максаттарын жүзеге асыра отырып, оку-тәрбие үрдісінің барлық деңгейлерінің тиімділігі мен сапасын жоғары-латуды көздейді.

Қашыктықтан оқыту ұғымын кең мағынада алсақ, бұл-тыңдаушылар мен оқытушылардың бір-бірінен кеңістікте алыстатылған оқу формасы. Ал, тармағынадағы қашықтықтан оқу ұғымы тындаушылар мен оқытушылар арасындағы, сонымен қатар тыңдаушылардың өзара белсенді ақпаратпен алмасуын қарастыратын және жоғаргы дәрежедегі қазіргі жаңа ақпаратгық технологияларды (аудио-визуальды кұралдар, дербес компьютерлер, телекоммуникация құралдары, т.б.) пайдаланатын белгілі бір тақырыптар, оқу пәндері бойынша ұйымдастырылатьш оқу процесі.

Қашыктықтан оқытуды ұйымдастырудың әр түрлі технологиялары бар:

Кейс-технология - оқытушы-тьюторлардың дәстүрлі және қашықтықтан консультацияларды үйымдастыру кезінде мәтіндік, аудиовизуальды және мультимедиалық оқу-әдістемелік материалдарды жинау және оларды пайдаланушылардың өз бетінше меңгеруі үшін жіберуге негізделген.

Кейс технологиясы (ағылшынның сasе—портфель) оқытуда жасалынған әдістемелік материалдармен іске асырылады.

Кейс-технология арналған материалдар түрлері мыналар:

  • 1. Әдістемелік нұсқалар. Оқу құралдары мен глоссарий. Оқушыларға оқужоспарындағы пәндер бойынша әлектрондық тасымалдауышта (CD-ROM) оқу-әдістемелік материалдардың кешені (кейс) беріледі. Кешенді даярлауда ұжымдық  әдістер, жобалау әдістері пайдаланылады. Мұндай әдістер тыңдаушылардың белсенділігін арттыруға, шығармашылық қабілеттерін белсендіруге
  • 2.Жұмыс дәптері.
  • 3.Анықтама.
  • 4.Оқу, аудио, бейне материалдары.
  • 5. Бақылау және емтихан материалдары.

Қашықтықтықтан оқытуға арналған кейстердің сапалық қасиеттері:

  • курстың терминдер мен ұғымдарына арналған гипертекстік құрылымы;

- пайдаланушыға ыңғайлы құрылым – мұғалім материалды беру реті мен бейнелеудің бірнеше түрін таңдай алады. Сол арқылы бір оқу материалын әр түрлі аудитория үшін әдістемелік қажеттілік болса әр түрлі түрде беру мүмкіндігі бар.

  • Кейстің құрамына белгілі бір нормативті талаптар жоқ.  Кең таралған документтер мен дыбыс, анимация, графикалық кірістірулер, слайд-шоу пайдаланылады.
  • Оқушы оқулықтың кез келген бетін  қағазға шығара алады.
  • Оқушы оқу материалдарына кез келген әдіспен қол жеткізе алады (Интернет, CD-ROM).
  • Оқулыққа кіріктірілген білімді тексеру жүйесі бар.
  • Оқулық бетінен Интернет ресурстарына қол жеткізуге болады.

 

Желілік –технология - білім алушы, оқытушылар, әкімшілік арасындағы интерактивті өзара әсері мен оның оқу-әдістемелік қүралдармен жабдықталуын қамтамасыз етуде телекоммуникациялық желіні қолдануға негізделген;

Оқытудың желілік –технологиясына жатады:

  • Интернет желісін пайдалану;
  • Әлектрондық поштаны пайдалану;
  • Телекоммуникациялық құрылғыларды пайдалану;
  • Мультимедиамен жабдықталған, Интернетке шығу мүмкіндігі бар желелік компьютерлік класс;

Электронды почта тыңдаушыларға курстың негізгі мәселелері бойынша конфиденциалды хат жазысуға мүмкіндік береді. Электронды почта арқылы ақпаратты жоғары жылдамдықпен жіберу мүмкіндігінің арқасында тыңдаушыға көмек дер кезіңде, сұранысты алған соң бірден көрсетіледі. Интернет көмегімен тыңдаушылармен кері байланыс орнатып қана қоймай, олардың оқу қызметін бақылауға, бағалауға болады.

Қашықтықтан оқыту техно­логиясы бойынша оқытушының негізгі міндеті білім алушының келесі түрдегі орындалатын өз бетінше жұмысын басқару болып табылады: туындайтын мәселелерді қарастыру; мақсат пен міндеттерді қою; білім, тәжірибелерді беру; ұйымдастыру қызметі; білім алушылардың арасында өзара байланысты ұйымдастыру; оқу процесін бақылау. Тыңдаушылар қашықтықтан оқыту кезінде білім беру процесінің негізін  қолайлы уақытта, ыңғайлы орында, тиімді темптегі  өз бетінше жұмыс құрайды. Сондықтан тындаушылар өз бетінше жұмыстың
техникасы мен әдістемесін, жоғарғы деңгейде білімді өз бетімен толықтыру негіздерін меңгеруі қажет. Сонымен бірге нәтижелі түрде оқу үшін жаңа ақпараттық технологияның кұралдарымен жұмыс істей білуі тиіс.

Сонымен, қашықтықтан оқыту — адамның білім алуға және ақпарат алуға деген құқықтарын іске асыратын үздіксіз білім беру жүйесі нысандарының бірі ретінде мамандардын негізгі қызметін атқара жүріп білімін, біліктілігін арттыруға мүмкіндік береді.

 

 

 

 

Модульдік оқыту технологиясы

 

Оқу циклі ретінде ұдайы қайталанатын оқу модулінің өз құрылымы бар. Ол үш бөлімнен тұрады.

 Кіріспе бөлім. (модульге, тақырыпқа ену)

Сұхбат бөлімі (көбінесе сұхбаттасу, диалогты қарым-қатынас арқылы оқушылардың танымдық іс-әрекетін ұйымдастыру)

 Қорытынды бөлім. Бақылау жұмысын алу.

 Әр модульдегі сағаттар саны әртүрлі. Бұл бағдарлама бойынша тараулар тақырыптар блогына, тақырып берілген сағат санына байланысты.

 Тарау көлеміне қарай, мен мұндағы тақырыптарды үш модульге енгіздім. Сіздерге ұсынарым №3 модуль. Бұл сабақты кіріспе бөліміне 1 – сағат, сұхбат бөліміне 4 – сағат, қорытында бөліміне 2 – сағат, жалпы 7 сағатқа бөлдім.

Кіріспе бөлімінде биоақпараттық технологмяның «Снежинка» - әдісі бойынша өткіздім оның негізгі ерекшелігі. Сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Мұғалім жаңа тақырыптар төңірегінде сөйлейді. Осы уақытта оқушылар төмендегі картаны толтырып отырады. Әр тақырып түсіндіріліп болғаннан кейін, оқушы бір-бірінің карталарындағы графаларды бірігіп отырып толтырады. Бұған екі минуттай уақыт беріледі.

 

Сұхбат бөлімінің 2-ші сабағында педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.А. Қараевтің деңгейлеп саралап оқыту  технологиясын пайдаландым. Ол оқушылардың оқу материалын меңгеру деңгейін 4 түрге бөледі.

1.       Репродуктивтік деңгей. Жалпыға бірдей стандартты білім

негізіндегі тапсырмалар беріледі. Мұнда тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқулықта бар мәселелерге байланысты құрылады.

2.       Алгормитмдік деңгей. Мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруімен 

қабылдаған жаңа ақпаратты пайдалана отырып, тапсырманы орындайды.

3.       Эвристикалық деңгей. Оқушы өзі ізденіп, қосымша әдибеттерді 

пайдалана отырып, жауап береді. Бұл тапсырмаларды орындауда оқушының ой белсенділігі негізгі қызмет атқарады.

4.       Шығармашылық деңгей. Оқушы таза өзіндік дағдысын, білім

сапасының дамуын қамтамасыз етеді.

Енді осы негізде «Тізбек  бөлігі үшін Ом заңы» тақырыбына арналып

жасалған сабақ жоспарының  мазмұнына тоқталайық.

Сабақтың тақырыбы: Тізбек бөлігі үшін Ом заңы.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік мақсаты: Ом  заңын қорытып  шығару. Тізбек бөлігіндегі

ток күші ол бөліктін кедергісіне тәуелді  болатынын тәжірибе жүзінді  тағайындау.

Дамытушылық мақсаты: Күнделікті өмірмен байланыстыра отырып, мысалдар  құрастырып, есептер  шығарып, дамыту.

Тәрбиелік  мақсаты: Еңбекке баулу, ғылымға қызығушылығын арттыру, өз бітімен ізденуге дағдыландыру.

Сабақтың типі: бекіту сабағы.

Сабақтың оқыту әдістері: Шығармашылықпен зерттеу, оқыту

техналогияларының түрлері, тез ойлануға үйрету, келелі мәселелер қоя білуге үйрету әдістері.

Сабақтың көрнекілігі: Баға рейтингісі, баға мониторингі, оқушыға үлестірілетін деңгейлік тапсырмалар, жалауша.

Сабақ жоспары:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

а) Шапшаңдық геманастикасы.

II. Үй тапсырмасын тексеру.

а) Сұрақ-жауап

Қорытындылау.

ІІІ. Өткен материалды пысықтау.

а) Логикалық есептер

Қорытындылау.

б) Тақтамен жұмыс

Қорытындылау.

в) Деңгейлік тапсырмаларды орындау

Қорытындылау.

IV. Қорытындылау, бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1. Оқушыларды түгелдеп, назарларын сабаққа аудару.

2. Шапшандық гимнастикасы.

4 амалға ауызша есептеуге есептер беріледі, дәл болмаса да 2-3 санға қателескен жауап та дұрыс саналады.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру.

1. Электр тогы дегеніміз не?

2. Ток күші дегеніміз не?

3. Кернеу дегеніміз не?

4. Кедергінің физикалық мағынасын айт.

Деңгейлік тапсырмалар.

І-деңгей.

  1. Қалта фонары қыл сымының кедергісі 15 Ом болса және ол кернеуі

4,5 В батареяға қосылса, онда осы қалта фонарының электр шамынан өтетін ток күші неге тең болар еді?

  1. Кернеуі 120 В, ток күші 0,5 А электр шамының кедергісін

анықтаңдар.

  1. Кедергісі 0,25 Ом өткізгішке ондағы токтың күші 30 А болу үшін

қандай кернеу түсіру керек?

ІІ-деңгей.

  1. Көлденең қимасының ауданы 0,1 мм2 никелин сымынан жасалған

электр қыздырғыштың спираліндегі кернеу 220 В болғанда ток күші 4 А. Сымның ұзындығы қандай?

  1. Ұзындығы 150 см және көлденең қимасының ауданы 0,025 мм2

болатын ток күші 250 мА темір өткізгіш ұштарындағы кернеуді анықтаңдар.

ІІІ-деңгей.

1. Ұзындығы 2 км және кедергісі 8,5 Ом мыс сымның массасы қандай?

IV-деңгей.

  1. Қолда бір текті екі өткізгш бар, бірі екіншісінен 8есе ұзын, ал

екіншісінің көлденең қимасының ауданы біріншісінен екі есе үлкен. Осы өткізгіштердің қайсысының кедергісі үлкен және неше есе үлкен?

Қорытындылау.

IV. Оқушылардың білімін бағалау.

V. Үйге тапсырма.

Сабақтың ерекшелігі және оның тиімділігін арттыратын негізгі тәсіл – оқушыларға осы деңгейлік тапсырма беру.

Сұхбат бөлімінің 4-ші сабағында биоақпараттық технологияның “триадалогика”-сы негізінде жасалған сабақ жоспары ашық сабақ ретінде ұсынылып отыр.

Технологиялық картаның негізгі ерекшелігі:

Биоақпараттық технологиялық процесс үшін пәндердің логикалық және құрылымдылық тиімділігін анықтауда технологиялық картаның маңызы зор. Бұл орайда, сынып оқушылары үш-үштікке бөлініп отырады. Әр үштік өз дәрежесіне қарай қызмет атқарады.

“Рухтандырушы” – ол есеп шығару кезінде басты идеяларды айтушы.

“Практик” – есептің берілуі мен шығару жолдарын бақылайды.

“Сыншы” – шығарылған есептің қате, дұрыстығын қадағалайды.

Мұғалім тақырыпты түсіндіру барысында уақыт үнемделуі керек. Белгіленген уақыт бойынша әр үштік өзіндік жұмыстар орындайды. Орындалған жұмыс грек алфавитінің әрпімен белгіленеді.

Тапсырманы бірінші біткен үштік тақтаға шығып, өзінің есебінің дұрыс шығару жолдарын көрсетеді. Осы уақытта сарапшылар қалған үштіктердің жұмыс процесі кезіндегі қателіктерін бақылайды. Егер тақтадағы түсіндіру жұмысы қанағатталынбаса, келесі үштік шақырылады. Түсіндірудің соңында басқа сыншылар сөз алып үштіктің жіберген қатесін тауып, байқаған қателері бойынша өз ойларын айтады. Орта есеппен кестеге тапсырманың қанша пайызға орындалғанын және қателерін жазып, мұғалім қорытындылап, келесі тапсырманы береді. Үштіктер әр уақытта сыныптың “жұмысшы ұяшығы” болып табылады және оқушылардың еркімен сондай-ақ, мұғалімнің айтуы бойынша тек белгілі мақсатпен ғана ауыса алады. Үштіктердің қайта-қайта ауысуына жол берілмеуі керек, себебі мұндай жағдай процестің тиімділігін және білім деңгейін төмендетеді.

 

 Тест №1

1. Кедергісі 20 Ом, ток күші 5 А қыл сымды 100 секундта қанша жылу мөлшері бөлінеді?

а) 50000 Дж б) 2500 Дж с) 200 Дж

д) 500 Дж е) 200 Дж

2. Кедергісі 200 Ом болатын резистордің паспорт бойынша бөлінетін қуаты 0,5 Вт. Резисторға берілетін максимал кернеу қандай?

а) 100В б) 20 В  с) 10 В д) 5 В е) 40 В

3. Өткізгіштің ұштарындағы кернеу 6 В, кедергісі 2 Ом. Ток күші неге тең?

а) 12 А б) 6 А с) 3 А д) А е) 10 А

4. Өткізгіштерді тізбектей қосқанда, барлық өткізгіштерде қай шама бірдей болады?

а) Ток күші

б) Кернеу

с) U . I көбейтіндісі

д) анықтамайды

е) қатынасы

 

5. Ток қуаты қандай өлшем бірлікпен өлшенеді?

а) Вольт (В) б) ампер (А) с) Ватт (Вт)

д) Джоуль (Дж) е) Ом

6. Ток күшінің жұмысының формуласын көрсетіңіз.

   а) А=U . It б) А =U . R2  көбейтіндісі

   7. Электр тогы дегеніміз не?

а) Электр зарядтарының тәртіпсіз қозғалысы

б) Электр зарядтарының реттелген қозғалысы

с) Бейтарап бөлшектердің тәртіптелген қозғалысы

д) Бейтарап бөлшектердің ретсіз қозғалысы

 е) Жауаптар арасында дұрысы жоқ

8. Джоуль-Ленц заңының формуласын көрсетіңіз.

а) Q=I2.R ∆t б) Q=I.R2 ∆t с) Q=I. ∆t/R2

д) Q=U. ∆t/R2 е) Q=I2/R

9. Электр лампасының қыл сымының ұштарындағы кернеу 2 В, ток

күші 0,5 А. Қыл сымының кедергісі қандай?

а) 0,5 Ом б) 1 Ом с) 2 Ом д) 4 Ом е) 1,5 Ом

10. Ток күші дегеніміз не?

а) I=∆q/∆ б) I=U/R c) I=kU д) I=q/S e) Qs

11. Өткізгіштерді параллель қосқанда қай шама бірдей болады?

а) ток күші б) кернеу  с) кедергі

д) жұмыс е) анықталмайды

12. Кернеуді өлшейтін құралды көрсетіңіз.

а) Амперметр б) Вольтметр с) Ваттметр

д) Омметр е) Реостат

13. Ток күшін өлшейтін құралды көрсетіңіз.

а) Амперметр б) Вольтметр с) Ваттметр

д) Омметр е) Реостат

 

Осы тұжырым негізінде жасақталған жаңа педагогикалық технологияның арнаулы талаптары бойынша мектепте өткізілген сабаққа қатысты деңгейлік тапсырмаларға арналған арнайы кітапша шағарылады. Онда төрт деңгей бойынша тапсырмалар дайындалған. Кітапшаның алғашқы бетінде Ом заңына байланысты негізгі тұжырымдамалар мен анықтамалар беріліп, формулалар мен сызба-нұсқа көрсетілген. Яғни, деңгейлік тапсырмаларды орындау кезінде оқушының осы шағын сілтемеге сүйенуіне болады. Ал деңгейлік тапсырмалардың өзі дамымалы түрде болады. Барлық оқушы өз қызметін ең төменгі деңгейдегі тапсырмаларды орындаудан бастайды да, оларды міндетті түрде толық орындап болғаннан кейін, келесі деңгейге көшіп отырады. Бұл оқушылар арасында жарысу жағдаятын туғызады және әр оқушының мемлекеттік стандарт деңгейінде білім алуына кепілдік береді, сонымен қатар, әр оқушының өз қабілетіне, қызметіне сәйкес жоғары деңгейге көтерілуіне толық жағдай жасайды.

   Jenis_studio@mail.ru
Hosted by uCoz