Мұғалімдер
№ 154 негізгі мектебінің орташа тарихы
Басшылық
Мұғалімдер
Оқушылар
Қызмет құрылымы
Фотокөрме
Үлгі сабақтар
Көрсеткіш
Мониторинг
Автор
 

"Мұғалім бәрінен де қымбат, өйткені мұғалім - мектептің жүрегі"

   Ы.Алтынсарин

 

Бекпенбетова Сайлаукүл – Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі. Еңбек өтілі 22 жыл. Жоғары білімді тәжірибелі ұстаз. Сынып жетекшісі. Жемісті, елеулі еңбегі үшін алған марапаттаулары, мақтау қағаздары бар. Гуманитарлық пән бірлестігінің жетекшісі.

  Әбішева Жанат Спандиярқызы - Мектепте педагог психолог болып жұмыс жасайды. Тарих пәнінен сабақ береді. 1969 жылы 12 ақпанда Қызылорда облысы, Сырдария ауданы, Тартоғай ауылында дүниеге келген. Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталған.

  Бекпенбетова Ұлбосын – Бастауыш пән мұғалімі мамандығы бойынша шәкірт жүрегіне ізгі жол бастап келе жатқан ұлағатты ұстаз. Еңбек өтілі 22 жыл. Сынып жетекшісі. Аудандық білім бөлімінің құрмет грамотасымен марапатталған.

  Мажиханов Нұрлан – Мектепте дене шынықтыру, сурет пәндері бойынша сабақ береді. Ә.Қастеев атындағы сурет колледжін бітірген. Он саусақтан өнер тамған ұстаз.

  Жүсіпбаева Оразкүл – мектепте биология пәнінен сабақ береді. Білімі жоғары, еңбек өтілі 26 жыл. Өз ісіне берілген, тәжірибелі ұстаз. Тынымсыз еңбегі үшін аудандық білім бөлімінің «Құрмет» грамотасын алған.

  Тұрысова Ләззат – Жоғары білімді ұстаз. Бастауыш сынып мұғалімі. Сынып жетекшісі. Еңбек өтілі 21 жыл. Жемісті еңбегі үшін Аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталған. Бастауыш пән бірлестігінің, Кәсіподақ ұйымының жетекшісі.

  Тұрсекеева Шаһаризада – Мектепте дүниетану, технология пәндерінен 1-9 сыныптар аралығында сабақ береді. Еңбек өтіліне 25 жыл толып отыр. Аудандық білім бөлімінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

  Жиенбаева Айнұр- Ағылшын пәнінің мұғалімі. Жоғары білімді. Еңбек өтілі 6 жыл. Оқушылардың ағылшын тілін меңгеру жолында аянбай еңбек етіп келеді. Түрлі байқаулардың жеңімпазы.

  Сейтқасым Ләйлә - Қазақ тілі және әдебиеті пәнінің мұғалімі. Ізденімпаз, жаңашыл ұстаз. Мектепаралық жарыстардың жеңімпазы. «Наурыз шапағаты» байқауының жеңімпазы. Аудандық білім бөлімінің мақтау қағазымен марапатталған.

  Сатенов Жеңіс – Мектепте информатика пәнінің мұғалімі және бағдарламашы болып 2006 жылдың ақпан айынан бастап жұмыс жасап келеді.Еңбек өтілі - 4 жыл.

 

 

   Jenis_studio@mail.ru
Hosted by uCoz